«СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

«СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

«СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды
ашық дереккөзі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс жуырда сотқа жіберілетінін айтты. «Бүгінде тергеу жұмысы аяқталып, іс қаралып жатыр. Жақын күндері іспен танысу жұмысы да аяқталады. Содан соң іс сотқа жіберіледі», – деді А.Шпекбаев. Оның айтуынша, бұл ұйымның бұрынғы басшысына қызметін асыра пайдаланғаны үшін айып тағылып отыр. «СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысы Берік Шәріп 2019 жылдың тамыз айында елордада қамауға алынған болатын.