Шавкат Мирзияев – Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы

Шавкат Мирзияев – Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы

Шавкат Мирзияев – Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы
ашық дереккөзі
8 қыркүйекте Өзбекстанда заң шығарушы палата мен Олий Мәжілісі сенатының бірлескен отырысында ел президентінің міндетін атқарушы болып елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияев тағайындалды.
Кейбір дереккөзге қарағанда, Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев бұл лауазымға өздігінен бас тартқан соң, премьер-министр Шавкат Мирзияев президенттің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған. 59 жастағы Шавкат Мирзияев Тәшкенттің ирригация және мелиорация институтын аяқтаған. Ол өзінің қызмет жолын Тәшкенттің Мирзо-Улугбек аудан әкімі болып бастаған. Кейін Жызақ, Самарқан облыстарының әкімі қызметін атқарды. 2003 жылдан бері Мирзияев Өзбекстанның премьер-министрі болды. 2 қыркүйекте Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін, Шавкат Мирзияев Каримовті жерлеуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарды. Сейсенбі күні Шавкат Мирзияев Самарқанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл оның бірінші президент қайтыс болғаннан кейінгі шетел басшысымен алғашқы ресми кездесуі болатын.