Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. BoxRec таратқан ақпаратқа сүйенсек, боксшы алдағы айқасын 20 ақпанда өткізеді. Алайда оның қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз. Қанат Ислам былтыр 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді. Алайда ол кезде Қанатқа қарсылас табылмаған. Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына 1 жылдан асып кетті.