Мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының құрамы 65 пайызға жаңарды – Б.Байбек
Мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының құрамы 65 пайызға жаңарды – Б.Байбек
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәслихаттарға сайлау қорытындысы туралы желіде жазба жариялады. Ол жазбасында партия фракцияларының құрамына және жаңадан сайланған депутаттардың орташа жасына да тоқталды.
«Қымбатты достар! Өздеріңіз білетіндей, «Nur Otan» барлық 216 аумақтық мәслихаттарға тізімдер ұсынды. Жергілікті өкілді органдарға сайлау қорытындысы бойынша партияға орта есеппен сайлаушылардың 82,4%-ті дауыс берді. Осылайша, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 3 276 орыннан нұротандықтар 2 701 мандат алды.
Кеше партия филиалдарының саяси кеңестері бюролары отырыстарының қорытындылары бойынша еліміздің барлық облыстары, аудандары мен қалаларындағы мәслихаттар депутаттарының тізімі жасалып, тіркеу үшін өңірлік сайлау комиссияларына жолданды.
Жалпы, мәслихаттардағы біздің фракциялардың құрамы 65%-ке жаңарды.
Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 45 жасты құрайды», – деп жазды партия Төрағасының бірінші орынбасары.