Қазақстанда жаңа кеден бекеттері пайда болды
Қазақстанда жаңа кеден бекеттері пайда болды
Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылып, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды. Сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Осылайша, комитет декларанттар мен кеден өкілдерінің кедендік декларацияларды қайда тапсыруға болатын хабарлады. Атап айтқанда, мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
1) Алматы қаласы бойынша МКД:
- «Алмалы - КРО» кеден бекеті қысқартылды;
2) Ақмола облысы бойынша МКД:
- «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;
3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:
- «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды;
- «Морпорт» к/б «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды;
- «Құрық» кеден бекеті құрылды;
4) Түркістан облысы бойынша МКД:
- «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды.
Сонымен 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады.