Дәрігер коронавирусты қайта жұқтырудың 5 себебін атады

Дәрігер коронавирусты қайта жұқтырудың 5 себебін атады

Дәрігер коронавирусты қайта жұқтырудың 5 себебін атады
ашық дереккөзі
Иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков "Комсомольская правдаға" берген сұхбатында коронавирусты қайта жұқтырудың бес себебін атады. Оның айтуынша, індеттен айыққаннан соң ағзада антиденелер көп түзілгеніне қарамастан инфекцияны қайта жұқтыру қаупі бар.  Біріншіден, антиденелер коронавирустан жүз пайыз қорғауға кепілдік бермейді. Егер ағза ауыр созылмалы аурулар салдарынан әлсіресе, антиденелер мен жасушалық иммунитеттің болуына қарамастан, вирусқа қарсы тұра алмауы мүмкін. Екіншіден, инфекциясы қайта жұқтыру қаупі жоғары топқа иммундық жүйесі тежелген адамдар жатады. Бұл - дене мүшелерін ауыстыру отасынан кейін иммуносупрессорларды қабылдайтын азаматтар, онкологиялық дерттермен ауыратын науқастар, аутоиммунды аурулары бар науқастар. Үшіншіден, вакциналар да адамның вирус жұқтырмайтынына толық кепілдік бермейді дейді ғалым. Препараттың тиімділігі қысқа мерзімді перспективада 3-6 айға есептелген. Содан кейін қорғаныс кем дегенде 60-70 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Төртіншіден, антиденелердің әртүрлі түрлері бар, деп еске алады иммунолог. Антиденелердің жалпы көрсеткішінде бейтараптандырушы антиденелердің үлесі салыстырмалы түрде аз. Десе де, тестілеудің стандартты әдістері, әдетте, жалпы көрсеткішті анықтайды. Бесіншіден, коронавирустың жаңа, британдық штаммын жұқтыру қаупі бар, деп ескертті дәрігер. Оның айтуынша, бұл мутация маңызды аймаққа — RBD доменіне әсер етеді, бұл иммундық жүйенің вирусты толық тануына кедергі келтіруі мүмкін. "Иммунитет үшін мутацияланған штамм мүлдем бейтаныс жау болмауы мүмкін, бірақ аурудан айыққан немесе вакцинацияланған адамдарда қандай да бір дәрежеде қорғаныс тиімділігінің төмендеуін жоққа шығаруға болмайды",-деді ол.