Банк бөлімшелеріне маска тақпай келген клиенттердің есепшоты жабылады

Банк бөлімшелеріне маска тақпай келген клиенттердің есепшоты жабылады

Банк бөлімшелеріне маска тақпай келген клиенттердің есепшоты жабылады
ашық дереккөзі
HSBC банкі өз бөлімшелеріне бетперде тақпай келгені үшін ұлыбританиялық клиенттерінің өмірін қиындатпақ. The Sun хабарлағандай, банк тіпті олардың шоттарын жабуға дайын. Бұл талап медициналық себептер бойынша маска тағуға болмайтындарға ғана әсер етпейді. Сондай-ақ, банк өз клиенттеріне бөлімшелерге тек шұғыл қажеттілік болған кезде келуді және мүмкіндігінше барлық операцияларды онлайн немесе телефон арқылы жасауды ұсынды. HSBC бұл шешімді Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қабылдады: бұған дейін елде індеттен қайтыс болғандардың рекордтық саны (1243 адам) тіркелген болатын. HSBC UK аймақтық желісінің жетекшісі Джеки Ухи келушілерді бетперде тағып қана қоймай, бір-бірінен қашықтықта болуға шақырды. "Егер адамдар өздерін немесе әріптестерімізді қауіп-қатерге душар етсе, біз олардың есептік жазбасын қайтарып алу құқығын өзімізге қалдырамыз", - деп қорытындылады ол, бірақ әзірге мұндай шара ешкімге қолданылмады. Айта кетейік, қаңтар айының басынан бастап Ұлыбритания үшінші локдаун жариялады: 5 қаңтардан бастап елде барлық мектептер қашықтан оқуға көшті, ал 6 қаңтардан бастап аса қажет жағдайларды қоспағанда үйден шығуға тыйым салынды. Алайда банктер ашық, бірақ олар маска тақпауға рұқсат етілген қоғамдық орындардың қатарына кірмейді.