Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

* * *

Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 14 қаңтар № 489