Индонезияда вирустың тарауын тоқтату және ел экономикасын қалыпқа келтіру мақсатында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауда өзгеше әдіс қолданылады. Алғашқы кезеңде егде жастағы адамдарға екпе салудың орнына ең алдымен 18-59 жастағы адамдарға вакцина салынады.
Профессор Амин Себандрио мұндай әдіс ұжымдық иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтады.
Сонымен қатар, ел үкіметі жастарды вакцинациялау арқылы егде жастағы адамдарды қорғайтынын айтады.