Қазақстандық танымал боксшының үйі өртенді

13 қаңтар, 2021 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Қазақстандық танымал боксшының үйі өртенді Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменовтің ата-анасы тұратын үйі өртенді. Бұл туралы бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Өрт салдарынан үй, қажетті заттар мен құжаттар толық өртенген. Өрт болған кезде боксшының ата-анасы ұйықтап жатқан. Қуанышқа орай, өрт басталғанда олар далаға қашып үлгерген. Осы орайда Біржан Жақыпов оқырмандарын Ілияс Сүлейменовке көмек қолын созуға шақырды.