Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталды

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз екінші толқын екенін түсініп отырмыз… дегенмен, біз оны бірінші, екінші толқынға бөлмейміз. Іс жүзінде науқастар санының өсуі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты деп айта аламыз, мұнда өсуді байқап, біз екінші толқынның даму сатысында тұрмыз деп айта аламыз. Себебі аурудың таралып, көбеюі толқын тәрізді», –деді Қиясов.

Оның айтуынша, әзірше «қызыл» аймақта екі облыс бар, қалғандары «сары» аймақта.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 164 477-ге жетті.

Back to top button