АҚШ-та 70 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

АҚШ-та 70 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

АҚШ-та 70 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді
ашық дереккөзі
АҚШ билігі соңғы 70 жылда алғаш рет әйел затын өлім жазасына кесті, деп хабарлайды The New York Times. Сотталған Лиза Монтгомери 2004 жылы жүкті әйелді қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Бұған дейін үкім 8 желтоқсанда Индиана штатында орындалады деп жоспарланған болатын. Кейіннен сот шешімімен өлім жазасы 12 қаңтарға шегерілді. 11 қаңтарда Индиана соты Монтгомеридің өлім жазасын оның психикалық жағдайына байланысты федералды деңгейде орындауды кейінге қалдырды. Алайда АҚШ Жоғарғы Соты бұл шешімнің күшін жойып, өлім жазасын қолдануға рұқсат берді. Басылымның хабарлауынша, Монтгомеридің үкімі Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде өлтіретін екпе арқылы орындалған. Әйелдің өлімі жайлы 13 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 01:31-де хабарланды. Ал Монтгомеридің адвокаты Келли Хенри АҚШ билігі "психикалық аурудан" зардап шеккен клиентін өлтіру арқылы заңды бұзды деп мәлімдеді.