"Билет алып қойдым": Навальный Ресейге қашан оралатынын айтты

"Билет алып қойдым": Навальный Ресейге қашан оралатынын айтты

"Билет алып қойдым": Навальный Ресейге қашан оралатынын айтты
ашық дереккөзі
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный туған еліне қайта оралмақ. Саясаткер Instagram-дағы парақшасында 17 қаңтарда Мәскеуге ұшатын рейске билет алғанын мәлім етті. 
"Қайтам ба, әлде қалам ба?" деген сұрақ мазалаған емес. Мен ешқайда кетпедім. Германияға мені жансақтау төсегімен бірге алып келді. Оның себебі: мені өлтіруге тырысты", — деп жазды Навальный. Ол өз Отанын, туған қаласы Мәскеуді қатты сағынғанын жеткізді. Айта кетейік, Алексей Навальный өткен жылдың тамыздан бері Германияда тұрып жатыр. Ол Берлинге медициналық ұшақпен жеткізілді. Бірнеше зертхана саясаткерге у берілгенін растады. У "Новичок" тобына жататыны анықталды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Алексей Навальный (@navalny)