Әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы шағын қала анықталды
Әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы шағын қала анықталды
Португалияның Порту қаласы Small Cities Index деп аталатын шағын қалалар рейтингінде бірінші орыннан көрінді. Рейтинг шағын қалаларды өмір сүруге ыңғайлылығы тұрғысынан бағалайды, деп хабарлайды ЕвроПульс.
Бір жыл ішінде Порту тоғызыншы орыннан бірінші орынға көтерілді. Бұл, ең алдымен, қатаң карантин кезеңінде кәсіпкерлерге жергілікті билік тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі. Мысалы, рейтинг авторлары мэрия мен Халықаралық дизайнерлер қауымдастығының жиһаз бен аксессуарлар шығаратын шағын фирмалар мен жеке қолөнершілерді қалай қолдағанын атап өтті.
Сонымен қатар, Порту — елдің экономикалық дамыған аймақтарының бірі. Қаланың өмірі жайлы, бірқалыпты, мұхит жағалауына тез жетуге немесе көрші Испанияға баруға болады.
Биыл рейтингте екінші орында бельгиялық Левен тұр, ал үздік үштікті жапондық Итосима қаласы қорытындылады. Еуроодақ қалаларының ішінде алғашқы ондыққа итальяндық Больцано мен даниялық Ольборг кірді.
Рейтингті британдық Monocle журналы әзірлейді. Басылым мамандары әлемнің түкпір-түкпірінен 250 мың адамға дейін тұратын қалаларды бес критерий бойынша бағалайды: қаладағы көлік қолжетімділігі (мысалы, туристерге жету оңай ма), басқарудың тиімділігі (әкімдік тұрғындарды қаншалықты тыңдайды), тұрғындардың жаңа көршілерге деген ізгі ниеті, "жасыл" инфрақұрылым (қалада саябақтар, алаңдар қаншалықты көп) және бизнесті дамыту мүмкіндіктері.