«Қайрат» футболшысы XXI ғасырдың үздік шабуылшылары тізіміне енді

«Қайрат» футболшысы XXI ғасырдың үздік шабуылшылары тізіміне енді

«Қайрат» футболшысы XXI ғасырдың үздік шабуылшылары тізіміне енді
ашық дереккөзі
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы XXI ғасырдың үздік шабуылшыларының тізімін жариялады. Оған 2001 жылдың 1 қаңтары мен 2021 жылдың 1 қаңтары аралығында жоғары дәрежедегі кем дегенде 200 гол соққан футболшылар кірді. Тізімге қазақстандық клубтың бір футболшысы енді: алматылық «Қайраттың» форварды Вагнер Лав 231 гол соғып, 29-орында тұр. Ол Неймар (225), Карим Бензема (220), Радамель Фалькао (212), Эдин Джеко (209) және Диего Форлан (206) сынды әлемдік футбол жұлдыздарын басып озған. Тізімнің бірінші орнына «Ювентус» үздігі Криштиану Роналду жайғасқан, оның еншісінде 462 гол бар. Екінші орында «Барселона» капитаны Лионель Месси (451 гол) тұр. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында «Милан»-дық Златан Ибрагимович (379 гол), «Бавария» клубының ойыншысы Роберт Левандовский (332) және карьерасын аяқтап қойған сингапур футболшысы Александр Джурич (304) тұр.