Ұлы берген қарапайым сыйлықтың арқасында анасы 418 млн теңге табыс тапты

Ұлы берген қарапайым сыйлықтың арқасында анасы 418 млн теңге табыс тапты

Ұлы берген қарапайым сыйлықтың арқасында анасы 418 млн теңге табыс тапты
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Миссури штатындағы Седалия қаласында ұлы анасына қарапайым рождестволық сыйлық арқылы баюға көмектесті. Бұл туралы UPI порталы хабарлады. Триша Миллер (Trisha Miller) Рождествоға сыйлық ретінде ұлынан және басқа да отбасы мүшелерінен лоторея билеттерін алған. Бастапқыда аз мөлшердегі ұтысқа қол жеткізген әйел табысын ұлына беріп, тағы бірнеше билет сатып әкелуді өтінеді. Билеттердің бірі жүлделі болып, Миллер миллион долларға (418  миллион теңге) байып шыға келді. "Ұлым Рождествода керемет сыйлық жасады. Мен әрқашан балаларыма қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Бұл жолы олар маған көмектескердеріне өте қуанышты", - дейді жеңімпаз. Ол ақшаның бір бөлігін өзі мен балалары үшін жаңа көліктер сатып алуға жұмсауды жоспарлап отыр.