Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық жасөспірім мерт болды

Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық жасөспірім мерт болды

Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық жасөспірім мерт болды
ашық дереккөзі
Қырғызстандағы Қаракөл тау шаңғысы базасында қазақстандық жасөспірім мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады. «Қазақстан консулы қаза тапқан баланың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдармен байланысып отыр. Баланың ата-анасына қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетілетін болады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, отандасымыз шаңғымен сырғанау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау салдарынан қаза тапқан», - деді министрлік өкілі.