Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліске өткен депутаттар тізімі жарияланды
Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліске өткен депутаттар тізімі жарияланды
Қазақстан Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымына өтетін 10 депутаттың аты-жөні жарияланды.
Сәрсенбіде өткен съезде партия мүшелері өткен сайлаудың қорытындысын талқылады. Осылайша, депутат мандаты былай бөлінді:
Айқын Қоңыров
Жамбыл Ахметбеков
Ирина Смирнова
Айбек Паяев
Сергей Решетников
Файзулла Каменов
Ғазиз Құлахметов
Ерлан Смайылов
Александр Милютин
Айжан Сқақова
10 қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан мәжілісіне үш партия – Nur Otan (71,09%), "Ақ жол" (10,95%) және "Қазақстанның халық партиясы" (9,1%) өтті. Осылайша, бұған дейін де Мәжіліс құрамында болған партиялар жеңіске жетті, алайда мәжілістегі орын саны өзгерді.
Бұған дейінгі шақырылымда Қазақстан халық партиясының жеті мандаты болса, жаңа шақырылымда он адам болады. Бұған дейін Nur Otan партиясында 84 (76 мандат – жаңа шақырылымда), "Ақ жол" партиясында 7 (12 мандат –жаңа шақырылымда) адам болды.