Қазақстандықтар көбінесе ем алу үшін пара береді – зерттеу

«Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян жемқорлыққа қатысты арнайы зерттеу қорытындысын жариялады.

Оның айтуынша, азаматтар көбінесе ем алу немесе емделуге жолдама алу (12,7%), жұмысқа орналасу (10,1%), баланы балабақшаға орналастыру (6,1%), жер мәселесін шешу (6,5%), ХҚКО-дан анықтама алу (5,1%), сессияны «жабу» (4,4%), салық есебін тапсыру (9%), жол берілген заңбұзушылықтар бойынша жауапкершіліктен аулақ болу (8,4%) үшін пара береді екен.

«Респонденттер мәселені бейресми шешудің бастамашысы көбіне көп мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен делдалдар екенін атап өтті. Бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық мәмілелеріндегі делдалдардың үлесі 6%-ға өсті», – дейді Ольга Шиян.

Пара сомасы 1000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін өзгерген (2019 жылы бұл көрсеткіш 500-ден 500 000 теңгеге дейін болған).

Back to top button