Қалың қар жауады: Қазгидромет бірқатар өңірде ескерту жариялады

Қалың қар жауады: Қазгидромет бірқатар өңірде ескерту жариялады

Қалың қар жауады: Қазгидромет бірқатар өңірде ескерту жариялады
ашық дереккөзі
Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігіне Атлант циклоны әсерін әлі де тигізеді, соған байланысты 13-14 қаңтарда қалың қар және қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерінде тұман түседі, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік пен оңтүстік батыста көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, боран соғады, жел 15-20 м/с күшейіп, Қарағанды ​​облысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейіп 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі. Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.