Қырылып қалуы мүмкін: Қорғалжын қорығындағы киіктерге қауіп төніп тұр

Ақмола облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 25 мың киік саналды.

Соңғы күндері ауа райының күрт бұзылуы өңірде қыстап қалған киіктерге қауіп төндіріп отыр.

«2021 жылғы қаңтар айының басындағы қатты аяз (кейбір жерлерде минус 42 градус дейін) және ақтүтік боранның салдарынан облыс аумағында жабайы жануарлардың шөп тауып қоректенуіне қиындық туып отыр. Kиіктердің аштан қырылу қаупі бар. Тіпті, кей өңірде киіктердің аштан өлу деректері де тіркелді. Сол себепті, орын алып отырған жағдайға байланысты және киіктердің жаппай қырылуын болдырмау үшін Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы және Атбасар аудандары аумағындағы киіктер жүретін аумақтағы қарды «К700» тракторымен күрету туралы осы аудандардың әкімдеріне нұсқау берілді», – дейді ведомстводан.

 

Back to top button