Данияр Елеусінов: Головкин маған ренжіп жүрген сияқты, менің оған еш өкпем жоқ

Данияр Елеусінов: Головкин маған ренжіп жүрген сияқты, менің оған еш өкпем жоқ

Данияр Елеусінов: Головкин маған ренжіп жүрген сияқты, менің оған еш өкпем жоқ
ашық дереккөзі
Қазақстандық танымал боксшы, қазір АҚШ-та тұратын Данияр Елеусінов журналист Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатында Геннадий Головкинге қатысты, отбасы мен АҚШ-тағы өмірі жайлы айтты.  Бұл туралы stan.kz жазды. Боксшының жанкүйерлері Данияр Елеусінов пен Геннадий Головкиннің ара қатынасы жақсы емес деп топшылайды. Оған себеп БАҚ-та жарияланған сұхбаттары. Елеусінов бір сұхбатында Головкин жайлы айтқан еді. Алайда спортшының жеке басына тиетін сөз айтқан жоқпын деп ақталды. "Мені екінші Головкин деп атап жүрді. Мен өзімнің екінші Головкин емес екенімді, Головкинге ұқсамайтынымды, менің табиғатым басқа  боксшы екенімді айттым. Менің біреуге ұқсайтын ойым жоқ. Мен өзімше бөлек спортшымын, Головкин өзінше бөлек. Журналистер сөзімді бұрмалап жеткізген. Головкинге ұқсағысы келмейді, одан да артық нәтиже көрсетеді деген секілді айтыпты. Сол Головкинге ұнамаған шығар. Соған ренжіп жүрген шығар. Менің өз басым оған ешқандай өкпем жоқ. Жақын араласпаймыз. Оның сыңарымен, ағасымен хат жазысып хабарласып тұрамыз", - деді Елеусінов. Данияр Елеусіновтің екі ұлы бар. Аналары бөлек. Бірінші отбасымен араласқанымен, бірге тұрмайды. "Екі ұлым екі анадан туған. Көрші тұрамыз. Бір корпуста тұрамыз. Бірінші некеден туған ұлымды күнделікті көремін. Ол жағынан ешқандай қиындық жоқ. Әпкеммен, туыстарыммен бірге тұрып жатырмыз", - деді ол. Спортшының айтуынша, дін жағынан ешқандай қиындық көріп жүрген жоқ. "Ол демократиялық ел болғандықтан, ешқандай шектеу жоқ. Дін жағынан ауырлық көріп жатқан жоқпын. Ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Жоғары деңгейде білмеймін. Білгенімше айтып түсіндірем. Мен Алматыға келгенде орыс тілін де білмегенмін. Көппен араласа жүріп үйрендім. Ағылшын тілін де солай үйренермін", - деді спортшы.