ҚР Премьер-министрі міндетін Бақытжан Сағынтаев уақытша атқарады
8 қыркүйек, 2016 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ҚР Премьер-министрі міндетін Бақытжан Сағынтаев уақытша атқарады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін", делінген Жарлықта.