Алматы маңындағы көпқабатты үйден өрт шықты (видео)

Алматы маңындағы көпқабатты үйден өрт шықты (видео)

Алматы маңындағы көпқабатты үйден өрт шықты (видео)
ашық дереккөзі
Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Қызыл жалынға оранған көпқабатты үйдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. «12 қаңтар күні кешкі сағат 17:57-де Алматы облысының «101» пультіне Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД жеке құрамының 16 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы және Алматы қаласының ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы аттанды», – деп хабарлады Алматы облыстық Төтеше жағдайлар департаментінен. Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына жеткенше өрт толықтай сөндірілген. Белгілі болғандай жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің сыртқы қабаты өртенген. Бұл үйде ешкім тұрмайды. Зардап шеккендер жоқ. https://www.instagram.com/p/CJ8efydJSKz/?igshid=1bidffty488j9