Жаңалықтар

Жеке деректерге қатысты ережелер өзгерді: WhatsApp қолданушылары жаппай Telegram-ға көшіп жатыр

ашық дереккөзі

Жеке деректерге қатысты ережелер өзгерді: WhatsApp қолданушылары жаппай Telegram-ға көшіп жатыр

Whatsapp қолданушыларының жеке деректеріне қатысты саясатын өзгерткеннен кейін Signal және Telegram мессенджерлерін жүктеу күрт артты. Бұл туралы CNBC ақпарат агенттігі хабарлады. Telegram мессенджері жүктеу саны бойынша АҚШ-та екінші орынға шықты - 6 қаңтардан бастап мессенджер шамамен 545 мың рет жүктелген, ал бүкіл әлем бойынша Telegram сәрсенбіден жексенбіге дейін 5,6 миллион рет жүктелген. Мессенджердің сұранысы Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунты бұғатталғаннан кейін өсе бастады. WhatsApp қаңтар айының басында қолданушыларына жеке деректерін Facebook компаниясына жіберуді міндеттеп, пайдалану шарттары мен саясатын өзгерткен еді, бұл талапты орындамасаңыз, мессенджер жұмыс істемейді. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған WhatsApp мессенджерінен біржола бас тартқанын мәлімдеген болатын.