Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты болады

Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты болады

Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты болады
ашық дереккөзі
12 қаңтарда «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Аталған тізімде Дариға Назарбаева да бар. Бұған дейін қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы Дариға Назарбаева 2019 жылғы 20 наурыз бен 2020 жылғы 2 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметін атқарған болатын. «Nur Otan» партиясы атынан Парламент Мәжілісіне ұсынылған 76 кандидаттың тізімімен мына жерден таныс бола аласыз. Айта кету керек, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы - 49, яғни 4 жылға жасарды.Тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген.  «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 40%-ті әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады. Негізінен Мәжілістегі «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, денсаулық сақтау, ҮЕҰ, БАҚ, сарапшылар қауымдастығы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардың өкілдері енді. Депутаттыққа кандидаттардың 7-уі ғана бұрынғы мемлекеттік қызметкер, яғни Фракция құрамында олардың саны 10%-тен аспайды.