Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы болып тағайындалды

Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы болып тағайындалды

Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлық Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының                 Президенті                                                              Н.Назарбаев   Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 қыркүйек № 318