Парламент Сенатының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Парламент Сенатының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Парламент Сенатының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы қызметіне Данияр Рамазанов тағайындалды. «Сенатта жаңа баспасөз хатшысы таныстырылды. Данияр Рамазанов – тәжірибелі журналист, «Болашақпен» бітірген, республикалық телеарналардың бет-бейнесі», – делінген Telegram-дағы сенатор көмекшісі парақшасында жарияланған ақпаратта. Данияр Рамазанов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекет университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Ұлыбританиядағы Глазго, Кардифф университеттерінде білімін шыңдаған. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК» Батыс Қазақстан облыстық филиалының тілшісі, «Хабар-24» телеарнасының тілшісі, халықаралық ақпараттар бөлімінің бас редакторы, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз хатшысы болып еңбек еткен.