Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ақбота Керімбекованың тағайындалғаны туралы әншінің құрбысы Индира Елубаева Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық Мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке, бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі – мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла», – деп жазды құрбысы.