«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысында күннің күрт бұзылуына байланысты ескерту жариялады.
«13 қаңтар күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с болады», – делінген хабарламада.
Дауылды ескертудің тура келу ықтималдылығы – 90-95%.