ШҚО-да 3 шақалақ тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

ШҚО-да 3 шақалақ тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

ШҚО-да 3 шақалақ тікұшақпен ауруханаға жеткізілді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшқыштары 3 шақалақ пен 2 ересек адамды ауруханаға жеткізді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақжар мен Ақсуат ауылдарынан жаңа туған 3 шақалақ, Катонқарағай ауданынан әйел және Алтай қаласынан ер адам тікұшақпен Өскемен қаласына жеткізілді. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуі тиіс болған. «Жедел әрекет ету үшін «Eurоcopter-145» тікұшағының ұшқыштары күн жарық кезде пациенттерді алып Өскеменге жетуі керек еді», – деп хабарлады ведомство.