Жаңалықтар

Оқушылар "Кәсіпкерлік негіздерін" үйренбек

ашық дереккөзі

Оқушылар "Кәсіпкерлік негіздерін" үйренбек

Мектеп оқушыларының оқу бағдарламасы жыл сайын жаңа пәндермен толығып келеді. 2019 жылдан бастап мектеп білімгерлеріне тағы бір пән оқытылмақ. Мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздерін» енгізудің маңызын Астанада өткен «Білім беруді дамытудың перспективалық модельдері» атты дөңгелек үстелде ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов түсіндірді.

«Дені сау еңбекке қабілетті адамдарға жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер төлегенше, оларға өз білімдерін, машықтары мен қабілеттерін отбасылары мен мемлекеттің игілігіне тиімді жұмсауға мүмкіндік беру маңызды. Бейнелеп айтқанда, әрбір аш адамның қолына, егер оның күш-қуаты мен уақыты бар болса, балық ұстатудың қажеті жоқ. Оған тек қармақ беріп, балық аулауды үйрету керек. Біз жұмысқа қайда, қалай орналасам деп деп бас қатырмайтын, керісінше, бизнесті өздері құратын мамандарды даярлауға тиіспіз. Кәсіпкерлікке оқыту білім берудің барлық деңгейінде, мектеп партасынан жүргізу қажет, – дейді Мұрат Әбенов.

 ҰКП басқарма төрағасының орынбасары жаңа пәннің тиімділіктерін атап көрсетіп, шетелдердегі тәжірибені мысалға келтірді. Данияда және Скандинавия елдеріндегідей кәсіпкерліктің іргетасы мектеп бағдарламасынан бастап қалау ұлт болашағына пайдалы екенін жеткізді. Білім және ғылым министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұл бастамасын қолдады.