1 миллионнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқуын бастады

12 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
1 миллионнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқуын бастады Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты. Жалпы Қазақстандағы мектептерде жоспарлы түрде үшінші оқу тоқсаны 11 қаңтарда басталып, 20 наурызға дейін жалғасады. Шолпан Каринова бұл тоқсанда санитарлық ахуал ескеріліп, оқу процесі әртүрлі форматта жүргізілетінін атап өтті. Дәстүрлі форматта оқыту жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныпта жалғасады. Сонымен қатар контингенті 300 балаға дейінгі мектептерде де оқушылар дәстүрлі форматта оқиды. Бұл тоқсанда: Биыл елімізде бітіруші сыныптардағы оқушылардың саны 440 мыңнан асады. Оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, сабақтардың икемді кестесі құрылады. Сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар мен кіші ауысымдар саны ұлғайтылып, әрбір сынып үшін сабақ арасындағы үзілістер әртүрлі уақытта ұйымдастырылады. Санитарлық талаптарға сәйкес, мектепке кіру кезінде білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күнделікті өлшеу қажет. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда педагогтердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының қалауы бойынша штаттық форматта білім алып жатқан оқушылар үшін мектепте жеке консультациялар өткізуге рұқсат етілген. Бір топта 5 адамнан артық болмауы тиіс.