"Зообақ қызметкерінен жұқтырған": Әлемде алғаш рет гориллалардан коронавирус анықталды

"Зообақ қызметкерінен жұқтырған": Әлемде алғаш рет гориллалардан коронавирус анықталды

"Зообақ қызметкерінен жұқтырған": Әлемде алғаш рет гориллалардан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
АҚШ-та Сан-Диего қаласындағы хайуанаттар бағында екі горилла коронавирус жұқтырды. Бұл туралы өз сайттарында хайуанаттар бағының әкімшілігі хабарлады. 6 қаңтарда жануарларда жөтел басталғаннан кейін хайуанаттар бағының қызметкерлері гориллалардың коронавирус жұқтыған-жұқтырмағанын анықтау үшін тест жасау туралы шешім қабылдаған. Сынақ қорытындысы оң нәтиже көрсетіпті. Өзге гориллаларда инфекция белгілері анықталмаған. Қазір жануарлар үнемі мамандар бақылауында, жағдайлары тұрақты дейді дәрігерлер. Хайуанаттар бағының әкімшілігінің болжамынша, гориллалар инфекцияны коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған бақ қызметкерінен жұқтыруы мүмкін.