Жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың таралуын екі есе азайтудың жолын тапты

ашық дереккөзі

Ғалымдар коронавирустың таралуын екі есе азайтудың жолын тапты

Зерттеушілер коронавирустың таралуын екі есе азайтудың жолын тапты. Бұл туралы РИА Новости Nature журналында жарияланған АҚШ пен Германия ғалымдарының еңбегіне сілтеме жасап хабарлады.  Сарапшылардың дерегіне сәйкес, байланыстарды екі бағытты қадағалау вирустың таралуын айтарлықтай азайтады. Ғалымдардың айтуынша, көп жағдайда науқас вирус жұқтыруы мүмкін адамдар ғана қарастырылады.  Алайда, олардың пікірінше, науқасқа індет жұқтырған адамды да бақылау керек. Бұл үшін мамандар коронавирус жұқтырған адамдардың байланыстарын бақылау мерзімін белгілер пайда болғанға дейін екі күннен алты күнге дейін ұзартуды ұсынды. Зерттеушілер індетке шалдыққандармен байланыста болғандарды бақылаудың бірнеше моделін жасады. Олардың айтуынша, екі бағытты әдісті қолдану жаңа инфекциялардың ықтималдығын екі есе азайтады.