Илонс Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде көшбасшылығын жоғалтты

Илонс Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде көшбасшылығын жоғалтты

Илонс Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде көшбасшылығын жоғалтты
ашық дереккөзі
Илон Маск планетаның ең бай адамы мәртебесінен айрылды, деп хабарлайды Forbes.  Tesla және ЅрасеХ компанияларының негізін қалаушы америкалық биржалардағы күндізгі сауда-саттықтың нәтижесінде 13,5 миллиард доллар жоғалтты. Қазір оның байлығы 176,2 миллиардқа бағаланады. Миллиардерлер рейтингінде бірінші орынға Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос қайта көтерілді. Ол үшін сәтсіз күн болғанына қарамастан (ол 3,6 миллиард доллардан айырылды), Безостың байлығы 182,1 миллиард болды. Жалпы дәулеті 154,6 миллиард долларды құрайтын Louis Vuitton Moet Hennessy иесі Бернар Арно үшінші орында. Илон Маск көшбасшы орынды 7 қаңтардан бастап иемденген еді. Бұған Tesla акциялары құнының өсуі себеп болды.