Түркістан полициясы анасын төмпештеп ұрған ер адамның әрекетіне қатысты түсініктеме берді (видео)
Түркістан полициясы анасын төмпештеп ұрған ер адамның әрекетіне қатысты түсініктеме берді (видео)
Әлеуметтік желілерде Түркістандағы ер адам мен әжейдің арасындағы жанжалдың видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Видеода жас жігіттің әжейге ортаншы саусағымен әдепсіз қимыл көрсеткені, содан кейін зейнеткерге қол көтергені байқалады.
Instagram-да жарияланған видеоның анықтамасында Түркістанда «ұлы анасын ұрып тастады» делінген.
Түркістан облысының полиция департаменті өзінің Facebook-тегі ресми парағында бұл видеоны тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді бақылау кезінде тапқанын хабарлады.
Департамент жергілікті құқық қорғау органдарына ешкім жүгінбегенін атап өтті. Алайда полиция оқиғаның 2020 жылы 14 қазанда болғанын анықтады.
Ер адам Орал қаласының тұрғыны болып шықты, ал әжей мен келін Түркістан қаласының тұрғындары.
«Бұл адамдардың да, кейуананың да ешкімге шағымдары жоқ және олар ақпарат айтудан бас тартты», - деп толықтырды департамент.