Риода Паралимпиада ойындары басталды

Риода Паралимпиада ойындары басталды

Риода Паралимпиада ойындары басталды
ашық дереккөзі
Рио-де-Жанейрода Паралимпиада ойындары басталды. Спорт бәсекесінің ашылу салтанаты 7 қыркүйек, сәрсенбі күні "Маракана" стадионында өтті. Дәл осы алаңда шамамен үш апта бұрын жазғы Олимпиада ойындарының алауы салтанатты түрде сөндірілді. Олимпиада алғаш рет Оңтүстік Америка құрлығында өтті.
7-18 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындарына әлемнің 161 мемлекетінен шамамен төрт мыңға жуық атлет қатысады. Олардың арасында Ресей жоқ. Ресейлік паралимпиадашылардың барлығын бұл ойындардан шеттетті. Оған Мәскеудің рұқсат етілмеген препараттарды атлеттердің қабылдауын жақтап, мемлекеттік бағдарлама жүргізгенін әшкерелеген зерттеу себеп болды. Паралимпиада ойындарындағы әйгілі спортшылар - ирандық ауыр атлет Сиаманд Рахман, британдық арбамен жарысушы Дэвид Уэйр және қытайлық зағип спринтер Лю Чуйцин. Қазір Құрама Штаттарда тұратын ирандық Шахрад Насаджпур, сириялық Ибрагим әл Хуссейн бұл Ойындарға босқындар командасы атынан қатысады.