Ауыл өмірі брендке, мал бағу трендке айналды

Ауыл өмірі брендке, мал бағу трендке айналды

Ауыл өмірі брендке, мал бағу трендке айналды
ашық дереккөзі
Жылтыраған бет пен жалғанған кірпікке толы әлуметтік желідегі суреттерді жаңа контент алмастыруда. Қойды бағып, биені сауып, ішек-қарын тазалап, бас үйткен ауылдың қарапайым ұл-қыздары миллиондаған қаралым мен мыңдаған оқырман жинап, әп-сәтте желі жұлдызына айналып барады. Сонда ауылдан алыстаған ағайынға қарапайым қойдың өзі таңсық болғаны ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Шопан ата баласы, Жамбыл облысының тумасы тик-токта танылған елдегі ең танымал блогерлердің бірі. Ауылда өскен қарапайым қара баланың өмірін 2 млн оқырман бақылайды. Әкесіне қолқанат болып, бос уақытында қой бағатын 15 жастағы бозбаланың есімі Әбдіқадыр. Желіге жаңа серпін, жаңа леп сыйлаған жігіттің әп-сәтте желі жұлдызы атануына атасы себеп екен. Әбдіқадыр Наурызбек, блогер: Атам маған не істеді осындай блогер бол деп, көр давай, ертең блогер болсаң күшті болады деп. Сол атамның арқасында, Өзіне де тик-ток ұнайды да. Қарайды. Түркістандық Жандос Бақыт та ауылда тұрғанына бақытты. Өмірдің қызығы мен шыжығын камераға таспалап, оқырмандарына ұсынады. Біреу айтып еді де есекпен шапқаныңызды көрейікші деп. Міне есекпен шауып келе жатырмын. Қайырлы күн көрермен. Назарларыңызда "Басты Жаңалықтар" онымен таныстыратын ауыл вайнері. Өзін "ауыл вайнерімін" деп таныстыратын жігіттің негізгі мақсаты ауылды брендке, мал шаруашылығын трендке айналдыру екен. Жандос Бақыт, блогер: Шетелдің нәрселерін брендке айналдыра бермей, ауылдың нәрселерін брендке айналдырсам, осындай жетістікке жетсем деймін. Малдың бас сирағын ұйытып, оны өзге аруларға үйретіп жүрген Айнұр да көпке үлгі. Өзгелері сияқты бейәдеп бимен, ерсі әнмен емес, күнделіті өмірін бүкпесіз көрсетумен танылды. Айнұр Халхабай, блогер: Мысалы ұялады кейбірі ауылдан екенін. Мысалы Шымкенттің бір жеріндегі ауылдан болса. Шымкенттің өзіненмін деп айта салады. Ал мені үнемі айтып жүрем, ауылдан екенімді мақтан етемін. Иә, қазақ бұрыннан алтын бесігіне теңеген ауылдағы жастың бәрі қазір қалаға қашатыны рас. Алайда, жоғарыдағы кейіпкерлеріміз, ауылда тұрып-ақ жетістікке жетуге болатынын дәлелдеді. Қазір жан-жақтан жарнамалар түсіп жатыр екен. Жандос Бақыт, блогер: Блогерлік жолмен немесе бір 15 минутта тапқан ақшаны мен адал термен келген ақша деп ойламаймын. Сол себепті ол ақшаны қайырымдылыққа жұмсаймын. Ал өзімен жетеді бәрі Құдайға шүкір. Сиырымды сауам, сүтімді сатам. Ауыл өмірін насихаттайтын блогерлердің аудиториясында шетел азаматтары да көптеп кездеседі екен. Арасында Қазақстанға келуге қызығып, ауыл тіршілігіне ғашық болғандары да бар.