Жаңалықтар

Мәскеуде кездескен Әлиев пен Пашинян қол алысудан бас тартты

ашық дереккөзі

Мәскеуде кездескен Әлиев пен Пашинян қол алысудан бас тартты

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мәскеудегі кездесу барысында қол алыспады, деп хабарлайды "Интерфакс".  Екі ел басшылары бір-бірімен амандасқанымен, қол алысудан бас тартты. Әлиев пен Пашинянның кездесуі Кремльде Ресей президенті Владимир Путиннің делдалдығымен өтіп жатыр. Келіссөздер Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеуге арналған. Ресей басшысы Қарабақтағы қазіргі жағдайды тұрақты деп бағалады. Кездесу мақсаты туралы айта келе ол демаркациялық желілерді нақтылау, гуманитарлық қамтамасыз ету және мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелерін шешу қажеттігін атап өтті. "Аймақтағы экономикалық, сауда және көлік байланыстардың қалыпқа келуі, шекаралардың ашылуы ерекше назар аударуға тұрарлық", — деді Путин. Еске сала кетейік, 9 қарашада Әзірбайжан, Армения және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы атысты толығымен тоқтату туралы келісімге қол қойды.