COVID-19: Вакцинация жөнінен көшбасшы елдер аталды
COVID-19: Вакцинация жөнінен көшбасшы елдер аталды
Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы екпелер саны бойынша әлемде бірден үш ел - Қытай, АҚШ және Израиль көш бастап тұр. Вакциналардың ең көп мөлшерде сатып алған да осы мемлекеттер, деп хабарлайды Bloomberg.
Жалпы, бүгінгі күнге дейін әлемнің 41 елінде медицина қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы 24 миллионнан астам вакцина енгізген. Статистикада вакцинация кезеңінен өткен адамдардың саны емес, препараттың енгізілген дозаларының саны ғана ескеріледі. Қытайда 9 млн доза (жалпы халықтың 0,64%), АҚШ-та - 7,725 млн (2,35%), Израильде - 1,692 млн (18%), Ұлыбританияда - 1,489 млн (2,23%), БАӘ-де-1,02 млн (9,4%) енгізілді.
Бай мемлекеттер жеткізілім туралы ірі мәмілелер жасағандығы атап өтілді, ал кедей елдер вакцинацияны 2022 жылға дейін немесе одан да ұзақ күтуге мәжбүр болуы мүмкін.
Bloomberg әлемдегі ең перспективалы тоғыз вакцинаның дамуын қадағалайды. Қазір жеті препарат ондаған елде шектеулі мөлшерде қолжетімді.