Зайсан ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалуда

Зайсан ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалуда

Зайсан ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалуда
ашық дереккөзі

Nur Otan партиясынан Шығыс Қазақстан облыстық маслихат депутаттығына кандидат Аэлита Ахметсәлімқызы Зайсан ауданы Сарытерек ауылын нанмен толықтай қамтамасыз етіп отырған Ораз Сәкібаев бен Алма Сәкібаеваның наубайханасында кезекті үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырған ол қойылған сауалдарға да жан-жақты жауап берді.

– Жергілікті халықтың табысын арттыруда, азаматтарды жұмыспен қамту мәселерін шешуде ауданның шағын және орта бизнесінің рөлі жоғары. Партияның міндеті кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болады. Бұл үшін Nur Otan партиясы 2025 жылға дейін «Ақ ниет» бағдарламасы аясында 4 жобаны іске асырып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына сәйкес жаңа өндірістік объектілер ашады. Сондай-ақ 7 жаңа сауда үйлері бой көтеріп, 2 қоғамдық тамақтану объектісі жұмысын бастайды. Азық-түлік өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына инвестиция тартуға да ықпал етілмек, – деді Аэлита Ахметсәлімқызы. Жеке кәсібін дөңгелетіп отырған Сәкібаевтар әулеті саяси науқанда жеке кәсіпке түрлі бағдарламалар мен қайтарымсыз гранттар, түрлі жеңілдіктерді қарастырып, қолдап отырған Nur Otan партиясына дауыс беріп, қолдайтындарын жеткізді.

Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді