Қатерлі ісік жасушаларын өлтіретін шай қоспасы анықталды

Қатерлі ісік жасушаларын өлтіретін шай қоспасы анықталды

Қатерлі ісік жасушаларын өлтіретін шай қоспасы анықталды
ашық дереккөзі
Бергамот сығындысы қатерлі ісік ауруын емдеуде оң әсер етуі мүмкін. Калабрия университеті мен Солфорд университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Олардың зерттеуі ScienceDirect порталында жарияланды, деп жазады РИА Новости Мамандар бергамоттағы брутьеридин мен мелитидин холестерин ферменттерін тежейтінін және қатерлі ісік жасушаларының өлуіне және бөлінуін тоқтатуға ықпал ететінін анықтады. Зерттеушілер қазіргі медицинада қолданылатын статиндер тобына жататын дәрі-дәрмектермен салыстырғанда бергамоттың жанама әсерлері жоқ екенін атап өтті. Ғалымдардың пікірінше, бергамот негізінде қатерлі ісікпен күресетін жаңа улы емес дәрі-дәрмектер жасауға болады.