Жаңалықтар

Арман Дәулетияров "Муз-ТВ" арнасынан кететінін мәлімдеді

ашық дереккөзі

Арман Дәулетияров "Муз-ТВ" арнасынан кететінін мәлімдеді

Ресейлік медиаменеджер Арман Дәулетяров Instagram-да "Муз-ТВ" арнасының бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеді.  "МУЗ-ТВ-дағы қызметімнен кетемін, бірақ жүрегім мен жаным сонда мәңгі қалады", - деп жазды Дәулетяров. Оның айтуынша, қазір арна "өзінің шыңында", сондықтан "жан тыныштығымен" кететін уақыт келді. "Мен Муз-ТВ арнасының бастауында тұрдым, ол өзінің алғашқы қадамдарын жасай бастаған кезде арнадағы жұмысым басталды. 25 жылдың 20-сын бірге өткіздік,  бізбен бірге әртістер мен көрермендердің бірнеше буыны өскеніне қуаныштымын. Арнаның барлық қызметкерлеріне адалдығы мен кәсібилігі үшін алғыс айтамын. Сіздер әрқашан менің сенімді тірегім болдыңыздар", — деді Дәулетяров.