Eurovision-2021 байқауының тағдыры белгілі болды

Eurovision-2021 байқауының тағдыры белгілі болды

Eurovision-2021 байқауының тағдыры белгілі болды
ашық дереккөзі
Eurovision халықаралық вокал шеберлерінің байқауы биыл коронавирустық пандемияға қарамастан өтеді. Музыкалық байқаудың тағдыры туралы оның комментаторы, актер және әзілкеш Грэм Нортон айтып берді, деп хабарлайды BBC News. Әртіс биыл Eurovision әдеттегі форматта "сөзсіз өтеді" деп сендірді. Бұл ретте, байқау ұйымдастырушылары егер конкурсқа қатысушылар Роттердамға (Нидерланды) келе алмаса немесе ол жерге келгеннен кейін карантинде болуға мәжбүр болса, олардың өнер көрсеткен жазбаларын қолдану мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті. Жазбалар үшін қатаң ережелер бекітілмек. Нортон сонымен бірге вокалдық байқау "стадионда 20 мың көрерменмен өтетініне" күмәнмен қарайтынын жасырмады.