Жаңалықтар

Горбачев посткеңестік кеңістіктегі дағдарыстардың себебін түсіндірді

ашық дереккөзі

Горбачев посткеңестік кеңістіктегі дағдарыстардың себебін түсіндірді

Беларусь пен Қырғызстандағы дағдарыстар демократияға көшу қиындықтарымен байланысты, деп түсіндірді КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев. Оның пікірін РИА Новости жариялады.  Горбачевтың айтуынша, егер Одақты қандай-да бір формада сақтап қалу мүмкін болғанда, посткеңестік кеңістікте мұндай дағдарыстар аз болар еді. Сонымен бірге Горбачев басқа елдер Беларусьта болып жатқан жағдайға араласпауы керек екенін атап өтті. "Егер конституциялық өзгерістер жасау керек болса, белорустар өздері шешеді, бұған араласудың қажеті жоқ", — деп толықтырды бұрынғы Одақ басшысы.