Жаңалықтар

Дәрігер денсаулыққа қауіп төндіретін таңғы үш әдетті атады

ашық дереккөзі

Дәрігер денсаулыққа қауіп төндіретін таңғы үш әдетті атады

Таңертең толық оянғанға дейін белсенді дене жаттығуларын жасауға болмайды, өйткені бұл уақытта теріде ылғал мөлшері  аз боладыжәне тіндер дұрыс созылмайды. Бұл туралы британдық дәрігер әрі тележүргізуші Мириам Стоппард мәлімдеді. "Оянғаннан кейін бірден оқыс қозғалыстар тіпті омыртқалардың ығысуына әкелуі мүмкін", — деп келтірді The Mirror Стоппардтың сөзін. Сарапшы таңертең бір стақан апельсин шырынын ішу де ағзаға зиян тигізуі мүмкін екенін айтты. Ол метаболизмді шамадан тыс жүктейді және қандағы қант деңгейін едәуір арттырады. Себебі ұйқыдан оянған уақытта инсулин бөліну процесі қалыпты жұмыс істемейді. Сондай-ақ, Стоппард аш қарынға ішілген бір шыны кофе қандағы қант деңгейін бір жарым есе арттыратынын атап өтті.