Мәжіліс депутаттарын сайлау: Асқар Мамин ҚХА сессиясына қатысып, дауыс берді

Мәжіліс депутаттарын сайлау: Асқар Мамин ҚХА сессиясына қатысып, дауыс берді

Мәжіліс депутаттарын сайлау: Асқар Мамин ҚХА сессиясына қатысып, дауыс берді
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің (ҚХА) мүшесі Асқар Мамин ҚХА-ның XXVIII сессиясына қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді. Дауыс беру Бейбітшілік және келісім сарайының ғимаратында өтіп жатыр. ҚХА Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды:
  • Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов;
  • Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов;
  • Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ директоры Наталья Дементьева;
  • «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли;
  • «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев;
  • «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин;
  • «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
  • «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.