СOVID-19: Атырау облысы «қызыл» аймаққа енді

СOVID-19: Атырау облысы «қызыл» аймаққа енді

СOVID-19: Атырау облысы «қызыл» аймаққа енді
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 10 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Павлодар облыстары болған еді. Бүгінгі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Ақмола, Атырау облыстары енді. Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты. «Сары» аймақта сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар. Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген.