Өрт емес: АМӨЗ апатты жағдайдың алдын алу мақсатында алау жаққан

Өрт емес: АМӨЗ апатты жағдайдың алдын алу мақсатында алау жаққан

Өрт емес: АМӨЗ апатты жағдайдың алдын алу мақсатында алау жаққан
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шыққаны жөнінде видео жарияланды. Алайда, видеодағы бұл көрініс өрт емес, АМӨЗ апатты жағдайдың алдын алу мақсатында алау жаққан. Нақтырақ айтсақ, зауыттың отын желісін сыртқы алау (факел) жүйесіне бағытталған. «АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі оқиғаға қатысты пікір білдірді. «2021 жылдың 10 қаңтары сағат 18:25-те Атырау МӨЗ-де Атырау облысының сыртқы желілерінде (KEGOC желісі бойынша) электроэнегрия таратуда ақау пайда болды. Сағат 21:31-ден кейін электр қуаты өшіп, «АМӨЗ» ЖШС-дағы бірқатар қондырғының соратын және компрессорлық құрылғылары істен шықты. Қысымның шектен тыс жоғарылап кетуіне байланысты апат жағдайының алдын алу мақсатында әрі технологиялық регламентке сәйкес, зауыттың отын желісі сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтандырылғанға дейін алау жүйесіне бағытталған», – делінген хабарламада.